Құқықтық құжаттар
Пайдаланушылық келісім
ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ КЕЛІСІМ
Uzdik App платформасын корпоративтік пайдалану шарты
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
Осы Пайдаланушылық келісім (бұдан әрі – «Келісім») «Uzdik Holding» ЖШС (бұдан әрі – «Оператор» немесе «Uzdik») пен Платформа арқылы қызметтерге қолжетімділік алатын Компания және оның қызметкерлері (бұдан әрі – «Пайдаланушылар») арасындағы қатынастарды реттейді.
1. Келісімнің мәні
1.1. Оператор Компания қызметкерлеріне Uzdik App мобильді қосымшасы (Android/iOS) арқылы Серіктестердің қызметтеріне арналған жеңілдіктерді қарауға және бронь жасауға мүмкіндік береді. Компания корпоративтік қолжетімділік үшін жазылым ақысын төлейді.
1.2. Келісім қосымшаны пайдалану, аккаунтты басқару, брондау, төлем жасау, тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілік шектерін айқындайды.
2. Аккаунт, тіркеу және қауіпсіздік
2.1. Компания жүйеде тіркеліп, HR-әкімшісін тағайындайды. HR қызметкерлерді аты-жөні, телефон нөмірі және/немесе e-mail арқылы қосады.
2.2. Қызметкерге бір реттік пароль e-mail немесе телефон арқылы беріледі; кейін ол жеке құпиясөзін өзі орнатады. Қызметкер өз аккаунтының қауіпсіздігіне және құпиясөздің құпиялылығына дербес жауап береді.
2.3. Бір аккаунтқа бірнеше құрылғыдан кіруге рұқсат етіледі, алайда бұл аккаунтты үшінші тұлғаларға (қызметкер еместерге) беруге немесе жаппай пайдалануға негіз болмайды. Аномальды белгілер анықталған жағдайда Оператор аккаунтты бұғаттауға құқылы.
2.4. Қызметкер жұмыстан босатылған немесе оның өкілеттігі тоқтатылған жағдайда, HR-әкімші дереу оның корпоративтік қолжетімділігін тоқтатуға міндетті. Кешіктірілген жағдайда туындайтын тәуекелдерге Компания жауап береді.
3. Жеңілдіктер және Серіктестер
3.1. Uzdik – бұл тек ақпараттық-цифрлық платформа. Қызметтің нақты көрсетілуі, сапасы, қауіпсіздігі, мерзімі және нәтижесі үшін тікелей тиісті Серіктес жауап береді.
3.2. Белсенді жазылым кезінде қызметкерлер жеңілдіктерді сандық шектеусіз пайдалана алады, бірақ бұл әр Серіктестің ішкі лимиттеріне, бос орындарының болуына және ұсыныс шарттарына бағынады.
4. Бронь, алдын ала төлем және комиссия
4.1. Серіктес бос уақыт аралықтарын жариялайды. Қызметкер уақытты таңдап бронь жасайды; жүйе броньды автоматты түрде растайды.
4.2. Броньды растау үшін қызмет құнының 10%-ы Uzdik арқылы алдын ала төленеді. Қалған 90%-ы қызмет көрсетілгеннен кейін тікелей Серіктеске төленеді. Uzdik бұл 90% соманы ұстамайды және кейін аудармайды.
4.3. Серіктестің Uzdik-ке төлейтін 10% комиссиясы пайдаланушы төлеген 10% алдын ала төлемнен ұсталады. Төлемді қабылдау мен комиссияны есепке алу схемасы төлем провайдерімен жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асады.
4.4. Қызметкер бірнеше бронь жасай алады, оның ішінде уақыты қабаттасатын броньдар да болуы мүмкін. Қызметкер өзінің бронь кестесін дербес тексереді. Қабаттасқан броньдар бойынша келтірілген шығындарды Оператор өтемейді.
4.5. Қызметкер бронь жасап, бірақ дәлелсіз себептермен келмеген (no-show) немесе кеш бас тартқан жағдайда, алдын ала төленген 10% қайтарылмайды (Серіктестің және платформаның шығындарын жабуға жұмсалады).
5. Жазылым мерзімі, баға және қайтару шарттары
5.1. Жазылым мерзімі 3, 6 немесе 12 ай. Баға мен мерзім тапсырыста немесе шотта көрсетіледі. Сатып алынған кезеңнің бағасы кейін біржақты өзгертілмейді.
5.2. Жазылым аяқталғанда қолжетімділік автоматты түрде тоқтайды.
5.3. Компания таңдаған жазылым мерзімін мерзімінен бұрын өз еркімен тоқтатып, пайдаланылмаған кезеңнің ақысын қайтаруды талап ете алмайды (заңның міндетті нормалары, Оператордың елеулі бұзушылығы немесе тараптардың жазбаша келісімі жағдайларын қоспағанда). Мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда 11-бөлімнің ережелері қолданылады.
6. Дербес деректер және комплаенс
6.1. Компания қызметкерлер деректерін берудің заңды негізі бар екенін, оларды хабардар етіп, тиісті келісімдер алғанын кепілдендіреді.
6.2. Uzdik деректерді аккаунтты жүргізу, брондау, төлем және қауіпсіздік мақсатында өңдейді. Өңдеу тәртібі Құпиялылық саясатымен реттеледі.
7. Жауапкершілік шектері және кепілдіктер
7.1. Оператор платформаның жұмысын қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды шаралар қолданады, бірақ интернет желісінің, ұялы байланыстың, төлем шлюздерінің және үшінші тарап сервистерінің үзіліссіз жұмыс істеуіне абсолютті кепілдік бермейді.
7.2. Серіктес көрсететін қызметтердің сапасы, қауіпсіздігі немесе салдары үшін Оператор жауап бермейді.
7.3. Оператордың кез келген шағым немесе талап бойынша жиынтық жауапкершілігі еш жағдайда Компания ағымдағы кезең үшін нақты төлеген жазылым сомасынан асып түсе алмайды.
8. Дауларды шешу тәртібі
8.1. Тараптар арасындағы даулар келіссөздер және міндетті жазбаша талап қою (претензионный порядок) арқылы шешіледі. Талапты қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.
8.2. Келісімге қол жетпесе, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Оператордың орналасқан жеріндегі құзыретті сотта қаралады.
9. Оператордың деректемелері
- Атауы: «Uzdik Holding» ЖШС
- БСН: 261040001469
- Мекенжайы: ҚР, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылы, «Дача-Нават» ТК, 258-үй, 040916
- Директор: Умирхонов Нурбулат
- Байланыс: Тел: +7 700 911 20 26 | E-mail: Uzdikapp@gmail.com / support@uzdikapp.com
ПОЛЬЗОВАТЕЛЬСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ
Условия корпоративного использования платформы Uzdik App
Республика Казахстан, город Алматы
Настоящее Пользовательское соглашение (далее – «Соглашение») регулирует отношения между ТОО «Uzdik Holding» (далее – «Оператор» или «Uzdik») и Компанией, а также ее работниками (далее – «Пользователи»), получающими доступ к услугам через Платформу.
1. Предмет соглашения
1.1. Оператор предоставляет работникам Компании через мобильное приложение Uzdik App (Android/iOS) возможность просматривать скидки на услуги партнеров и бронировать их. Компания оплачивает корпоративную подписку. 1.2. Соглашение определяет правила использования приложения, управления аккаунтами, бронирования, осуществления платежей, а также права, обязанности и пределы ответственности сторон.
2. Аккаунт, регистрация и безопасность
2.1. Компания регистрируется в системе и назначает HR-администратора, который добавляет сотрудников по ФИО, номеру телефона и/или e-mail. 2.2. Работнику высылается одноразовый пароль; в дальнейшем он самостоятельно устанавливает личный пароль. Работник несет персональную ответственность за безопасность своего аккаунта и конфиденциальность учетных данных.
2.3. Допускается вход в аккаунт с нескольких устройств, однако это не дает права передавать доступ третьим лицам (не сотрудникам Компании) или использовать аккаунт совместно с посторонними лицами. При выявлении аномальной активности Оператор вправе заблокировать аккаунт.
2.4. При увольнении или прекращении полномочий сотрудника HR-администратор обязан незамедлительно заблокировать его корпоративный доступ. Компания несет ответственность за риски, возникшие вследствие несвоевременной блокировки.
3. Скидки и партнеры
3.1. Uzdik является исключительно информационно-цифровой платформой. За фактическое оказание, качество, безопасность, сроки и результат услуг несет ответственность непосредственно соответствующий Партнер.
3.2. В период действия подписки сотрудники могут использовать скидки без количественного лимита, однако это зависит от внутренней доступности мест, графиков и условий конкретного предложения Партнера.
4. Бронирование, предоплата и комиссия
4.1. Партнер публикует свободные интервалы времени. Работник выбирает время и оформляет бронь; система подтверждает ее автоматически.
4.2. Для подтверждения бронирования через приложение Uzdik оплачивается предоплата в размере 10% от стоимости услуги. Оставшиеся 90% оплачиваются напрямую Партнеру после оказания услуги. Uzdik не удерживает и не перечисляет эти 90%.
4.3. Комиссия Uzdik в размере 10%, удерживаемая с Партнера, покрывается за счет внесенной пользователем 10%-й предоплаты. Схема приема платежей настраивается в соответствии с договорами с платежным провайдером.
4.4. Работник вправе создавать несколько бронирований, включая пересекающиеся по времени. Работник самостоятельно контролирует свое расписание. Оператор не возмещает убытки, возникшие из-за пересечения броней. 4.5. В случае неявки работника по забронированному времени без уважительной причины (no-show) либо при несвоевременной отмене брони, внесенная предоплата 10% не возвращается (направляется на покрытие издержек Партнера и платформы).
5. Срок подписки, цена и условия возврата
5.1. Срок подписки – 3, 6 или 12 месяцев. Стоимость и сроки фиксируются в заказе или счете. Цена оплаченного периода не подлежит изменению задним числом.
5.2. По окончании срока подписки доступ прекращается автоматически, если не оформлено продление.
5.3. Компания не вправе в одностороннем порядке отказаться от выбранного срока подписки и требовать возврата средств за неиспользованный период (за исключением императивных норм закона, существенного нарушения со стороны Оператора или письменного соглашения сторон). При досрочном прекращении применяются условия раздела 11 основного договора оферты.
6. Персональные данные и комплаенс
6.1. Компания гарантирует наличие законных оснований для передачи персональных данных сотрудников, их предварительное информирование и получение необходимых согласий.
6.2. Uzdik обрабатывает данные в целях ведения аккаунтов, бронирования, проведения платежей и обеспечения безопасности согласно Политике конфиденциальности.
7. Ограничение ответственности и гарантии
7.1. Оператор принимает разумные меры для стабильной работы платформы, однако не дает абсолютных гарантий бесперебойной работы сети Интернет, мобильной связи, платежных шлюзов и сторонних сервисов.
7.2. Оператор не несет ответственности за качество и безопасность услуг, оказываемых Партнерами.
7.3. Совокупная ответственность Оператора по любым претензиям или искам ни при каких обстоятельствах не может превышать сумму, фактически уплаченную Компанией за текущий период подписки, в ходе которого возник спор.
8. Порядок разрешения споров
8.1. Споры подлежат урегулированию путем переговоров и обязательного претензионного порядка. Срок рассмотрения письменной претензии – 15 рабочих дней.
8.2. При недостижении согласия спор передается на рассмотрение в компетентный суд по месту нахождения Оператора в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
9. Реквизиты Оператора
- Наименование: ТОО «Uzdik Holding»
- БИН: 261040001469
- Адрес: РК, Алматинская область, Карасайский район, с. Кемертоган, ПК «Дача-Нават», зд. 258, 040916
- Директор: Умирхонов Нурбулат
- Контакты: Тел: +7 700 911 20 26 | E-mail: Uzdikapp@gmail.com / support@uzdikapp.com
